– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалды.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.
1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
1993-1994 жж. – "Іскер" МАӨҚ менеджері, "Вега" ШК директорының орынбасары.
1994-1996 жж. – "Акцепт" Фирмасы" ЖШС директорының орынбасары, директоры.
1996-1997 жж. – "Акцепт" Корпорациясы" ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – "Алматы сауда-қаржы банкі" ЖАҚ басқарма төрағасы.
1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Премьер-министрі кеңесшісі.
1999-2001 жж. – Қазақстан құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының мүшесі.
1998-2000 жж. – Қазақстан Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – "Бәйтерек" ҰБХ басқармасының төрағасы.
2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2019 жылдың 26 ақпанынан Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы.
2022 жылдың 31 қаңтарынан Алматы қаласының әкімі болды.