Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан кемелер жойылуы мүмкін екенін ескертті

311

Тиісті ақпаратты ирандық генерал таратты.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан кемелер жойылуы мүмкін екенін ескертті Фото: istoriata.net

Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жапты және одан өтуге тырысқан кез келген кемеге шабуыл жасауға дайын. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусы қолбасшысының кеңесшісі генерал-майор Ибрагим Джаббари айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Генерал-майор Иранның мемлекеттік телеарнасында сөз сөйлеген. Джаббаридің айтуынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне рұқсат берілмейді.

"Ормуз бұғазы жабық. Біз одан өтуге тырысқан кез келген кемеге шабуыл жасаймыз. Бұғаздан өтуге әрекеттенген кемелерді Революциялық гвардияның Әскери-теңіз және Құрлық күштерінің сарбаздары отқа орайтын болады", – деді Ислам революциясы сақшылары корпусы қолбасшысының кеңесшісі.

Ибрагим Джаббари бұл аймаққа аттап баспау қажеттігі туралы да ескертті. 

"Мұнай бағасы 82 доллар болды. Әлем оның 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін күтіп отыр. Біз мұнай құбырларына шабуыл жасап, өңірден бір тамшы да мұнайдың шығуына жол бермейміз", – деді ирандық генерал.

Бұғаз арқылы мұнай мен сұйытылған табиғи газдың шамамен 20 пайызы Парсы шығанағы елдерінен тасымалданады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды. Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу