Ислам революциясы сақшылар корпусы ирандық зымыран кешендерінің ұшу қашықтығы мен қуаты артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Ислам революциясы сақшылар корпусы Иранның алдағы уақытта зымырандық соққыларды күшейтетінін хабарлады.
"Біз зымыран кешендеріміздің ұшу қашықтығы мен қуатын кеңейтіп жатырмыз", – деді Ислам революциясы сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Маджид Мусави.
Оның сөзінше, бұдан былай салмағы бір тоннадан аз болатын оқтұмсығы бар бірде-бір зымыран ұшырылмайды.
Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Иран инфрақұрылымындағы ондаған нысанға шабуыл жасағанын мәлімдеген болатын. ЦАХАЛ мәліметінше, соққы жасалған нысандардың қатарында Ислам революциясы сақшылар корпусының штабына қарасты дрон ұшыруды басқаратын орталық та болған.
Айта кету керек, бұған дейін Франция Таяу Шығысқа қарай кемелер жіберетінін жазғанбыз.