Қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі ешқандай сын көтермейді – Смайылов

Қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті балабақшадан бастап,   университетке дейін   оқу бағдарламаларына енгізіледі.

Қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі ешқандай сын көтермейді – Смайылов Фото: inbusiness.kz

Қалдықтардың жинақталып қалуы   және стихиялық қоқыстардың пайда болуы   өзекті экологиялық проблемалардың біріне   айналып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жағдайды жақсарту үшін   әлемнің көптеген елдері   қалдықтарды қайта өңдеп,   утилизация жасауда. Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне   қалдықтарды өңдеу көрсеткішін    50%-ке жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция елі   тұрмыстық қалдықтардың 99%-ін қайта өңдеп,   пайдаға жаратып отыр. 

"Ал, біздің елімізде әлі күнге дейін   қоқысты жоюдың жинақтау   немесе көму сияқты   әбден ескірген әдісін қолданып келеміз", – деп бастады Үкімет басшысы баяндамасын.

Жыл сайын Қазақстанда  4,5 млн тоннадан астам   қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Мыңдаған стихиялық қоқыс полигондары   жағдайды қиындатып отыр. 

"Әкімдіктер оларды жою үшін   қомақты бюджет қаражатын бөледі. Қалдықтарды заңсыз тасымалдау   және жинақтау фактілерін анықтауға арналған   рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Заң талаптарын   бұзғаны үшін салынатын   айыппұл мөлшері де   ұлғайтылды. Алайда, атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз. Қалдықтарды басқару саласындағы қазіргі ахуал    өте күрделі күйінде қалып отыр", – деген Премьер-Министр осы күнге дейін    заманауи қоқыс өңдеу зауыттары    іске қосылғанын да атап өтті. 

Айтуынша, бізде    қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті    қалыптаспады. Көп жағдайда    қоқысты көшеге тастай салу    қалыпты әдетке айналған. Қоқыс үйінділеріне қатысты ауылдардағы жағдай    бұдан да күрделі.

Сондықтан,   Әлихан мына мәселелерді міндеттеді. Бірінші, жергілікті атқарушы органдар   1 қарашаға дейін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын   бекітуі керек. Бұған қоса, әкімдіктер   осы жылдың соңына дейін   рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын   2 есеге қысқартуы тиіс.  

Екіншіден, Экология министрлігі   Ішкі істер министрлігімен бірлесіп,   рұқсат етілмеген жерлерде   қоқыс тастағаны үшін   әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша   заңнамалық түзетулер енгізуді   қамтамасыз етуі керек.

"Әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту қажет, заң бұзу фактілері қайталанса, соған сәйкес   салынатын айыппұл мөлшері де   өсуі тиіс", – деп нақтылады Үкімет басшысы. 

Үшіншіден, Экология министрлігі   қалдықтарды бөліп жинауды,   оларды утилизациялау мен   қайта өңдеуді енгізудің   халықаралық тәжірибесін зерделеп,   қолданыстағы заңнамаға   тиісті түзетулер әзірлеуі қажет. 

Бұл тұста министр, қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі, оның ішінде тариф мәселесі   ешқандай сын көтермейтін баса айтты. 

"Саланың тиімділігі жоқ, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік бермейді. Жыл соңына дейін   жаңа тәсілдерді әзірлеу керек", – деп тапсырма жүктеді Премьер-министр. 

Төртіншіден, Экология министрлігі   әкімдіктермен бірге   1 желтоқсанға дейін   еуропалық озық тәжірибені ескере отырып, қалдықтарды жойып,   қайта өңдейтін   жаңа зауыттар салу бойынша   ұсыныстар әзірлеуі тиіс. 

Бесіншіден, Экология, Оқу-ағарту, Ғылым министрліктері   жыл соңына дейін   қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті мәселелерін әзірлеп, оны балабақшадан бастап   университетке дейін   оқу бағдарламаларына енгізуі тиіс. 

"Қалдықтарды бөліп жинау   және қайта өңдеу   біздің     іс-әрекетіміз бен   мінез-құлқымыздың   маңызды бөлігіне айналуы қажет", – деп қорытындылады Смайылов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу