Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдау әрекеттерін айыптады

618

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдау әрекеттерін айыптады Фото: canva

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу