Қазақстан мұнайы Еуропаға "Дружба" құбырын айналып өтетін бағытпен жеткізілмек

247

Бұл туралы Ресей тарапы мәлімдеді.  

Қазақстан мұнайы Еуропаға "Дружба" құбырын айналып өтетін бағытпен жеткізілмек Фото: t.me/kmgpress

Германияға "Дружба" құбыры арқылы жеткізіліп келген қазақстандық мұнай көлемі 2026 жылғы 1 мамырдан бастап басқа логистикалық бағыттармен тасымалданады. Бұл туралы Ресейдің вице-премьері Александр Новак айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Расында да, 1 мамырдан бастап бұған дейін "Дружба" құбыры арқылы Германияға тасымалданып келген қазақстандық мұнай көлемі басқа логистикалық бағыттарға жіберіледі. Бұл қазіргі техникалық мүмкіндіктерге байланысты қабылданды", – деді Александр Новак журналистердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, қара алтын ағындарын қайта бағыттау мәселесіне Ресейдің Энергетика министрлігі мен "Транснефть" компаниясы жауапты.

Айта кету керек, бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресейдің Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізуді тоқтатуына қатысты ақпаратқа пікір білдіргенін жазғанбыз. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов "Достық" бағыты бойынша мұнай транзиті болмайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу