Ресей Қазақстан мұнайының Германияға экспортын тоқтатады: СІМ пікір білдірді

242

Қазақстан бұл мәселені Мәскеумен талқылауы мүмкін.  

Ресей Қазақстан мұнайының Германияға экспортын тоқтатады: СІМ пікір білдірді Фото: REUTERS/Bernadett Szabo

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресейдің Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізуді тоқтатуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Егер ондай ақпарат расталса, ресми түрде жарияланса, онда біздің Мәскеудегі елшілігіміз бұл мәселені Ресей тарапымен талқылайды. Мамандар, дипломаттар, сарапшылардың деңгейінде талқыланады. Бір шешімге келген кезде ресми түрде жарияланады", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер "Ресейдің әрекеті заңды ма?" деп нақтылады.

"Соның бәрін сарапшылар шешеді. Тарихи жағынан қарасақ, бізде Ресей тарапымен әрқашан да ауызбіршілік болып, бір ортақ шешімге келген едік. Сондықтан осы мәселе туындаса, оның шешімі табылады деген ойдамын", – деді Әлібек Бақаев.

Журналистер бұл жағдайда Қазақстан Ресейге нота жариялауы мүмкін бе деп сұрады.

"Нота дегеніміз жалпы дипломатиялық қарым-қатынаста пайдаланылатын құжат. Мәселе нотада емес. (...) Керек болатын болса, нота да жолданады", – деп атап өтті спикер.

Айта кету керек, бұған дейін Ресейдің қазақ мұнайын "Достық" арқылы тасуды доғаратыны туралы ақпарат түрлі БАҚ-тың басты тақырыбына айналғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу