Қазақстанда басым идеология бар ма?

2287

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақстанда басым идеология бар ма?

Express-k.kz: Қазақстандағы білім деңгейі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын шетелдік сарапшыны қатты толғандырды деп жазады аталмыш басылым. Жан-Франсуа Марто Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілі. Басылымның хабарлауынша, оның қызметіне көлік инфрақұрылымын басқару және қаржыландыру жатады, алайда ол Қазақстандағы білім саласындағы жағдайды жақсы біліп отыр. https://express-

Шетелдік сарапшының пікірінше, Қазақстандағы білім жүйесінің жағдайы пандемия басталмай-ақ мәз емес еді. Себебі 10 оқушының алтауы сауатсыз, математика және де өзге пәндерден алған білімін күнделікті өмірде пайдалана алмайды. Өз кезегінде пандемия сауатсыз оқушылардың қатарын 100 мың адамға көбейтті.

Бұл кемшіліктердің кесірін халықтың әлсіз тобы көбірек көретін болады. Себебі мектептердің жабылуы оқушылардың білім деңгейіне әсер етеді. Демек бай отбасынан шыққан балалар мен кедей отбасындағы балалардың білім алшақтығы 18%-ға өседі.

"Пандемия және қашықтан оқу барлық мектеп оқушыларына әсер етеді. Алайда бай отбасының балалары 14 баллдан жоғалтса, кедей отбасының балалары 18 баллдан жоғалтады. Олардың арасындағы ара қашықтық 49 баллға жетеді",– деп жазады аталмыш газет.

Exclusive.kz: "Қазақстанда басым идеология бар ма?" деп сұрайды аталмыш басылым. Бұл мақала авторы Қарлығаш Еженова Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды сипаттаған. Автордың пікірінше, бүгінгі таңда масс-медиа саласында бар проблема экономика саласындағы проблемаларға ұқсас, яғни шынайы бәсекелестік жоқ, кадр тапшылығы бар, мемлекет тарапынан көретін қысым көп, импорт көрсеткіші жоғары. 

Мақала авторының пайымдауынша, жарнама нарығы 50 млрд теңгені құрайды. Ал мемлекеттік тапсырыс көлемі жарнамадан екі есе көп. Демек бұқаралық ақпарат құралдарына тапсырысты негізінен мемлекет береді. Бұл жақсы ма, жаман ба? Бір қарағанда мемлекет маңызды шаруаны атқарып отыр деуге болады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырады, бірақ осы арқылы БАҚ тапсырыс берушінің сөзін сөйлейді. Демек осы арқылы олар тапсырыс берушілер масс-медиаға негізгі міндетін атқаруға кедергі келтіріп отыр, яғни сөз еркіндігі, пікір алуандығына жол бермейді.

"Қазақстанда мемлекеттік БАҚ-тың болуы бір қарағанда ешкімге кесірін тигізбейді, себебі жалпы алғанда олардың саны мен көлемі көп емес. Алайда бұл бұқаралық ақпарат құралдары жосықсыз бәсекеге жол береді. Себебі мемлекеттік БАҚ-тар жарнама ақшасына ғана күн көреді, олар мемлекеттік және жергілікті бюджеттен ақша алып отырады. Бұл алынатын ақшаның басым бөлігі қымбат бағдарлама өндірісіне, жаңа технология алуға, қызметкерлердің айлығы мен гонорарына жұмсалады, яғни мемлекеттік емес медиаларға жосықсыз бәсеке жасайды",– деп жазады мақала авторы.

Qmonitor.kz: "Қазақ тілі және латын әрпі: ең бастысы асықпай, байбалам салмай жасау керек" деп жазады аталмыш басылым. Мақала авторы Кенже Тәтиляның пайымдауынша, жуыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арнап жиын өткізгеннен кейін қоғамда бұл мәселе қайтадан қызу талқылана бастады. 

Осыған байланысты мақала авторы өз ойын ортаға салып, сарапшылардың пікірін білген.Оның ойынша, мемлекет президентіне әліпбидің жаңа нұсқасын шенеуніктер емес, лингвист немесе қазақ филологтары ұсынуы керек еді. Себебі шенеуніктер білікті болғанымен, кәсіби мамандардың жолы бөлек.

Сонымен қатар автордың пікірінше, мемлекет басшысы бұл істе асығыстық болмау керек деп айтқанымен, бұл шара қайтадан бір науқанға айналып бара жатқандай ой көрінеді. Оның ойынша, бұл өзекті мәселенің науқанға айналмауы өте маңызды. Ал талқылаудың негізгі мазмұны қазақ тілінің модернизациясы болуы тиіс.

"Сол себептен мұндай күрделі іске негізгі жұмысты саяси пайдасы үшін пайдаланатын бажылдақтарды жіберуге болмайды. Ең алдымен бұл іске нағыз мамандарды, мәселені терең түсінетін, әдістемелерді жақсы білетін адамдарды қатыстыру керек", – деп жазады Кенже Тәтиля.

Caravan.kz: "Аңызға айналған Шу алқабы: осы алқап арқылы Ресеймен бәсекеге түсуге болады" деп жазады газет. Оның мән-жайын газет тілшілері былай түсіндіреді. Қазақстандықтардың көбі кітап қымбат болғандықтан, алып оқымайтынын айтқан. Ресейден қағаз алу үшін Қазақстан былтыр 400 миллион АҚШ долларын жұмсаған. Егер қазақстандықтар қағазға керек шикізатты Шу алқабындағы сорадан алса, көп мәселені шешуге болады. 

Себебі мамандардың айтуынша, сорадан жасалған өнім өте сапалы болады әрі бұл шикізаттан алған қағаздың сапасы да биік. Оның үстіне сораның бір гектарынан алынатын целлюлоза көлемі 2-3 гектар орманнан алынатын целлюлозадан әлде қайда көп. Мұнымен қоса бұл өсімдік тез арада қайта ретке келеді. Демек сораның 140 гектары 300-400 мың гектар орманды аман алып қалады.

"Әзірге Қазақстанда Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында бір пилоттық жоба іске асырылып келеді. Аталмыш компания сораның техникалық түрін өсіріп, тігін саласына керек талшық алып отыр. 2019 жылы компания жетекшісі өндірісті дамытып, мата шығатарын зауыт салатынын жеткізген. Одан бері бұл сала тоқтап тұр, ал Шу алқабы гүлденіп келеді. Шу алқабының әзірге пайдасы жоқ, тек қоғам мен Ішкі істер министрлігіне қиындық тудырып келеді",– деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу