Қазақстандық журналистер Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

821

Қазақстандық БАҚ өкілдері үш жүлдемен - бір алтын, екі күміс медальмен елге оралды.

Қазақстандық журналистер Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты Фото: ktf.kz

Хорватияның Вели-Лошинь аралында БАҚ қызметкерлері арасында теннистен Әлем чемпионаты өтіп, екі қазақстандық ел намысын қорғады. Журналистердің дүниежүзілік спорт форумы 45-ші рет өтті. Қазақстан өкілдері мұндай Әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Ел намысын Қуандық Шынасылов (Zakon.kz) пен Талғат Қалиақпаров ("Хабар") қорғады. Жарыс атақты хорват теннисшісі Иван Любичич академиясының корттарында өтті.

Турнирге 11 елден 70-тен астам ойыншы қатысып, әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды. Қазақстандықтар үш жүлдемен - бір алтын, екі күміс медальмен елге оралды.

+55 (фьючерс) жас санатында сынға түскен Талғат Қалиақпаров ("Хабар") жарыс қорытындысы бойынша алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Zakon.kz журналисі Қуандық Шынасыловпен бірге олар +105 (екі адамға) жас санатындағы жұптық сайыста өнер көрсетіп, вице-чемпион атанды. Бұдан бөлек микстте Талғат Қалиақпаров Ольга Кметовамен (Словакия) бірге күміс медаль жеңіп алды алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу