Қазақстанның фирмааралық қарызында құбылыс бар

Камила Абдиева Камила Абдиева
3023

Қазақстанның фирмааралық қарызының мөлшері 12 жылда алғаш рет небәрі 1,6%-ға қысқарған, бірақ қызмет көрсетуге кеткен шығындар 35,5%-ға өскен.

Қазақстанның фирмааралық қарызында құбылыс бар

2017 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 2,3%-ға немесе ақшаға шаққанда 3,8 млрд долларға, яғни 167,5 млрд долларға дейін өскен. Мұны Қазақстан Ұлттық банкі есептеп шығарды. Аbctv.kz бұл ретте былтыр оған көрсетілген қызмет 18,5%-ға, ақша шаққанда 5,8 млрд долларға, яғни 37,1 млрд долларға өскенін аңғарып отыр.

Қарызға қызмет көрсету құнының өсуіне негізінен фирмааралық қарыз үлес қосты, яғни ол 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 35,5%-ға, яғни 23 млрд долларға дейін өскен. Бұл 2005 жылдан бергі (реттеушіде бұған дейінгі жылдар есебі жоқ) тарихи рекорд болып отырғанын атап кеткен жөн. Бұл жерде тағы таңқаларлық жағдай "негізгі қарыз" өспеген, керісінше, 2005 жылдан бері бірінші рет 1,6%-ға, 104,5 млрд долларға дейін төмендеген.

Фирмааралық қарыздың үлкен бөлігі, нақтырақ айтар болсақ, 86%-ы (2017 жылдың 1 қазанында), еркін мөлшерлемемен берілген, ал қалған бөлігі тиянақталған (барлық қарыз сомасынан 7%)  және нөлдік мөлшерлемеде (5%) берілген. Мөлшерлеменің мөлшері реттеушімен есептелмейді. Өткен жылдың III тоқсанының соңында сыртқы қарыздың 88,7%-ы шетелдік валютада ұсынылған, қарыздың 96,2%-ы (144,1 млрд доллары) долларға тиесілі.

Қорытынды ретінде Қазақстанның тауарлары мен қызметтерінің экспорты мен сыртқы қарызға қызмет көрсетудің жалпы төлемінің арақатынасы былтырғы жылы 66,6% болғанын айтып кеткен жөн. Басқаша айтар болсақ, шетелде сатылған қазақстандық өнімнен түскен әрбір үш доллардың екеуі қарыз міндеттеріне қызмет көрсетуге кеткен.

Есте қаларлығы, 2017 жылы қарыз мөлшері қазақстандық экспорттың үш жылдағы көлемі мен былтырғы бағаларға тең болған. Алайда қарызға қызмет көрсету құнын ескеретін болсақ оны жылдам жауып тастау мүмкін емес.

Қарызға қызмет көрсету шығыстарының абсолюттік мәні соңғы жылдары 37,11 млрд долларға  дейін өскен, бұл 2009 жылы (38,97 млрд доллар) және 2015 жылдары (38,2 млрд доллар) байқалған рекордтық тарихи мәнге жуық. Алайда сыртқы қарызға қызмет көрсетудің салыстырмалы шығысы былтыр 2015-2016 жылдармен салыстырғанда қысқарған. 2015-2016 жылдары көрсеткіш 72,1% және 71,9% болған еді. Мұнайдың қымбаттауы елге келетін ақша ағынын арттырғанының айқын дәлелі.

Бұл көрсеткіш бойынша рекорд Қазақстанның экспорттық кірістерінің 81%-дан көбін қарыздарға қызмет көрсету "жеп қойған" 2009 жылға тиесілі. 2011 жылдан бастап 2014 жыл бойынша көрсеткіш 33-36% шамасында болған.

Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымы мынадай: 62%-ын (104,5 млрд доллар) фирмааралық қарыз, 8%-ын (13,4 млрд долларды) үкіметтің және Ұлттық банктің мемлекеттік қарызы, 4%-ын (6,7 млрд долларды) "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ны қоса алғанда банктер қарызы алып отыр.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы қарызын әр адам басына шағып есептегенде 5,5%-ға 3,47 мың долларға (2014 жылы ең үлкен көрсеткіш 4,47 мың доллар) өскен. Сыртқы қарыздың ұзақмерзімді бөлігіне қызмет көрсетудің әр адам басына шаққандағы шығыны өткен жылы 2,04 мың доллар деңгейінде (2016 жылы өсім 17%) болған, оның пайызы 357,5 долларды құраған.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу