Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өсімнің негізгі драйверлері – сауда, өнеркәсіп және көлік саласы. Өнеркәсіп көлемі 7,6%-ға өсті. Әсіресе өңдеу секторында серпін байқалды: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%).
Сауда 8,9%-ға артты. Оның басым бөлігі көтерме сауда үлесіне тиесілі (66,6%). Аймақтар арасында ең жоғары өсім Шымкентте (+21,3%), Шығыс Қазақстанда (+5,7%) және Жетісуда (+0,6%) тіркелді.
Сонымен қатар, құрылыс секторында өндіріс көлемі 18,1%-ға, көлік және қоймалау қызметтері 21,5%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы да оң нәтижемен аяқтап, 3,4%-дық өсім көрсетті.