Қазір дәстүр маңызды ма әлде ұлттың денсаулығы ма?

2284

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазір дәстүр маңызды ма әлде ұлттың денсаулығы ма?

Qmonitor.kz: "Бітпейтін той... Қазіргі кезде не маңызды – дәстүр ме әлде ұлттың денсаулығы ма?", деп жазады аталмыш басылым. Газет тілшілері пандемия кезінде көптеген адам той немесе ас өткіземіз бе, өткізбейміз бе деп екі ойлы болып жүргенін жазады. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде де жиі көтеріліп келеді. Басылымның хабарауынша, кейбір танымал қайраткерлер той мен ас өткізу керектігін қазақтың дәстүрімен байланыстырып, салтанатты шаралардың өтуін қолдап отыр. Осыған орай басылым басымдықты дәстүрге берген дұрыс па әлде азаматтардың өз денсаулығын және төңірегіндегі адамдардың аман болғанын ойлаған дұрыс па деген мәселе көтеріп отыр. 

Өзін тәуелсіз сарапшы ретінде таныстырған Ғалым Жүсіпбек тойдан бас тарту керектігін айтады. Себебі дәстүр адам өмірі мен денсаулығынан маңызды емес, деп санайды. Оның пікірінше, мемлекет толыққанды дамысын дейтін болсақ, онда біз қазақтың тойына деген көзқарасымызды өзгертуіміз қажет. Қазіргі тойлардың түрі адам капиталының толыққанды қалыптасуына кедергі келтіреді, өйткені адамдарды қаржылай ғана қанап қоймай, экономикалық тұрғыдан, психо-эмоционалды және физикалық түрде адамдарды "жұқартады".

"Біздің қазіргі тойларға көз салайықшы, жоғарғы жақ жасаған салт-салтанат төменге әсер етеді, нәтижесінде отбасылық тойлар атаққұмарлықтың жәрменкесіне айналады. Осы сәтте неге отбасылық салтанат отандық сауық көтеру индустриясының тірегіне айналған деп қынжыласың", - дейді академиялық профессор Гүлзада Омарова.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқа мүшесі Қуат Күнболатов тойдан бас тарту керек деп есептейді. Себебі осы той мемлекеттің дамымай келе жатқанына әсерін тигізіп отыр, деп санайды.

"Сенбейсіздер ме? Онда қазақ тойларының дастарханына қараңыздар. Басты тағам ет, оның өзі жартылай ғана қазақстандық, қалғанын барлығын өзге елдерден әкеледі. Мәспәси мен тәтті-тағамдар, оның басым көпшілігі импорт арқылы әкелінеді. Құрғақ жемістер толығымен Өзбекстаннан әкелінеді. Теңіз өнімдері де шетелден әкелінген. Бір сөзбен айтқанда қазақстандық өнім өте аз", - дейді Қуат Күнболатов.

Caravan.kz: "Итбалықты Қызыл кітапқа енгізудің кесірі" деп жазады аталмыш газет. Басылымның хабарлауынша, бұл жануарды қорғауға алу керектігі осы жылдың жаз айларында көтерілген болатын. Себебі Ақтауда екі сорақы жағдай болған, адамдар итбалықты таяқпен, таспен ұрып тастаған еді. Енді көптеген экологтар мен ғалымдар итбалықты Қызық кітапқа енгізгеніне алаңдаулы, өйткені бұл жануарларды зерттеу оларға қиынға соғатын болады. 

Мамандардың айтуынша Қызыл кітапқа енгізу бұл жойылып бара жатқан жануарларды құтқарып қалмайды. Көбі жануарлардың Қызыл кітапқа енгенін қуана қабылдайды, бірақ бұл шараның келеңсіз сәті көп. Ғалымдардан өзге мұндай шаралар заң талаптарын бұзбайтын балықшыларға да қиындық тудырады. Себебі олардың торына итбалық түссе, олар арнайы маманды шақырып, жануарды құтқарып қалатын, енді оларды итбалықты өлтірдіңдер деп айыптауы мүмкін, айыппұл салуы ықтимал, сол себепті олар бұрынғыдай қарамайтын болады.

"Науқастанып қалған жануарды сақтап қалу үшін оны қолға алу керек, сосын оны орталыққа апару қажет. Оны біз қалай жасаймыз, ол қарастырылмаған, механизмдері жоқ. Демек үкіметтің қаулысынсыз оны ұстап, емдеуге болмайды. Ал егер оны ұстап, емдей алмай қалсаң, жануар өліп қалса, онда тіпті қиындық туады", - дейді Алматыдағы гидробиология және экология институтының директоры Мірғали Баймұқанов.

Express-k.kz: Қазақ мәдениеті мен оның бүгінгі жайдайы туралы мақаланы осы газеттің беттерінен оқуға болады. Бұл саладағы кемшіліктер жайында Аджиджиро Кумано жазған. Мақала "Мәдениет понты" деп аталады. 

Мақала авторының пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер дами түскендіктен Қазақстанда әр азамат үшін мәдениет жақын бола түсті, себебі мемлекет азаматтары мәдениет қайраткерлері қалай өмір сүретіні, кіммен жататыны, не жейтіні жайында хабардар. Алайда жиі талқыға түсетін мәдениет қайраткерлері ешкімге үлгі бола алмады.

"Бізге дау-дамай керек, мәдениет қайраткерлерінің қатардағы адамдай қасиеттерін көргіміз келеді. Көпшілігі қазақ мәдениеті қазіргі кезде лас шатақтың астында қалды деп ойлайды. Негізінен олай емес. Кеңес одағы кезінде де өнер адамдары арасында өзара талас-тартыс болатын, бірақ сол кездегі мәдениет дамып жататын. Қазіргі кезде өнер адамдарының өмірі ашық көрсетілгенімен мәдениет жоқ", - деп жазады мақала авторы. 

Liter.kz: "Қазақстандағы коронавирус: адамдар жаппай несие алып, оны қайтара алмай жатыр", деп жазады бұл газет тілшілері. 2020 жылы қазақстандықтардың несие қарыздарын қайтаруы азайған. Ұлттық банк дерегі бойынша, несие өтелмеген қарыз көлемі 100 млрд теңгеге өскен. 

Басылым дерегі бойынша, 2020 жылдың басында жеке тұлғалардың банкке қарызы 6,3 трлн теңгені құраған, қараша айында бұл көрсеткіш 6,8 трлн теңгеге өскен. 2019 жылмен салыстыратын болсақ, былтыр бұл көрсеткіщ 4,9 трлн теңгеден басталып, 6,2 трлн теңгені құраған. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың басым көпшілігі тұтынушылық несие алады. Сонымен қатар мемлекет азаматтары ипотекалық несие алады екен. 

""Коронадағдарысқа" байланысты мемлекет азаматтарының 10%-ы ғана ақша жинақтай алады, бұдан бұрын олардың көрсеткіші 15%-ды құрайтын. Қалғаны бір айлықтан екінші айлыққа дейін өмір сүріп келеді. Бар ақша коммуналдық қызмет төлеуге, жалдамалы пәтерге және тамаққа жұмсалады, кейде киім де ала алмай жатады", - дейді сарапшылар.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу