Коммунистердің ұлтшылдарға қарсы шыққаны: "ашық қарсылық" әлде қадірі кеткен хайп па?

2032

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz –тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Коммунистердің ұлтшылдарға қарсы шыққаны: "ашық қарсылық" әлде қадірі кеткен хайп па?

camonitor.kz : "Коммунистердің ұлтшылдарға қарсы шыққаны: "қасиетті соғыс па" әлде қадірі кеткен хайп па?" деп аталады аталмыш басылымның мақаласы. Тамыз айының басында Қазақстандағы коммунистер мемлекеттегі ұлтшылдық мәселесін айтып, бас прокуратураға хат жазған болатын. Бұл хатта коммунистер елдегі ұлтшылдардың әрекетін тексеруін талап еткен болатын. Осыған байланысты танымал газет коммунистердің бұл әрекеті нені білдіреді деген сұрақ төңірегінде жауап іздеген, осы мақсатта саясаттанушылар мен сарапшылардың пікірін білген.  

Өз ойын ортаға салған сарапшылардың пікірінше, Қазақстан коммунистері бас прокуратураға ашық хат жазу арқылы өзіне электорат назарын аударғысы келген. Себебі күн өткен сайын коммунистерді қолдаушылардың саны азаймаса, көбейіп жатқан жоқ. Алда Парламент сайлауы болса, коммунистер Парламенттегі орнынан айырылып қалуы әбден мүмкін.

"Бас прокуратураға коммунистердің ашық хатына жауап беру оңай болмайды. Себебі коммунистердің хатында нақтылық жоқ, "радикалды ұлтшылдар" немесе "ұлтшылдар" деп кімді атап отырғаны белгісіз және олардың не істеп жатқаны айтылмаған",– дейді саясаттанушы Ғазиз Әбішев.

caravan.kz: Аталмыш басылым жалғызбасты аналардың жағдайына арналған мақаланы жариялап отыр. Басылымның хабарлауынша, үкімет әйелдерді көпбалалы, көпбалалы емес деп бөліп, қателескен көрінеді. Осының салдарынан кейбір отбасылары мемлекет тарапынан көмек алып отыр, ал енді бір бөлігі көмексіз отыр.

Таяуда Тараздағы бір топ әйел облыс әкімдігіне барған. 50 шақты әйел "Сапарбаев!Сапарбаев!" деп айқайлап тұрған. Сол себептен бұл жерде бірнеше басқарма басшылары келіп, әйелдердің талабын тыңдаған. Нәтижесінде әкімшілік өкілдері әйелдерді конференц-залға кіргізіп, олар облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевпен кездескен.

Әйелдер өз кезегінде бастарынан кешіп отырған қиындықтары туралы айтып берген. Олардың арасында көпбалалы емес, бірақ мемлекет көмегіне мұқтаж әйелдер болған. Олардың мұң-мұқтажын облыс өкілдеріне "Ақжүніс" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанна Естаева жеткізген.

"Халықты көпбалалы немесе көпбалалы емес деп бөлген дұрыс емес. Бір немесе екі бала асырып отырған аналар бар, олардың балалары кімнен кем? Оларға да жағдай жасап беріңіздер", – деген Жанат Естаева.

Оның сөзіне жүгінсек, бұл мәселені ол 7 ай бұрын, сол кезде мемлекеттік хатшы болған Гүлшара Əбдіхалықовамен жəне Мәжіліс депутаттарымен кездескенде көтерген. Ресми билік өкілдері бұл мәселе қарастырылып жатыр деп шығарып салғанға ұқсайды. Алайда Жанат Естаеваның айтуынша, біраз уақыт өтті, түрлі заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың мәселелері шешілер емес.

liter.kz: "Бөкендерге қауіп төніп тұр: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Орталық-Батыс" автожол құрылысына экосараптама жүргізуге уәде етті" деп аталады бұл газеттің кезекті мақаласы. Басылымның хабарлауынша, тамыз  айының 8-і күні Қазақстанның Экология министрлігі "Орталық-Батыс" автожол бөкендердің қоныс аудару жолдарын кесіп өтетінін мәлімдеген. Сол себептен бұл жолдың құрылысы қызыл кітапқа енген бөкендердің көбеюіне кері әсерін тигізіп, жойып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты аталмыш газет тілшілері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне арнайы сауал жолдап, "Орталық-Батыс" автожол  құрылысын экосараптамадан өткізуін сұраған. Өз кезегінде мекеме өкілдері мұндай сараптама өткізуге уәде берген.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айтылатын ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін және бөкендердің қоныс аударуына бөгет келтірмес үшін қабылданатын шешімдердің орындалуына атсалысатынын жеткізді", – деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу