Криштиану Роналду: Әлимен кездескеніме қуаныштымын

3449

Заманымыздың заңғар футболшысы Криштиану Роналду Әли Тұрғанбековпен кездесті. 

Криштиану Роналду: Әлимен кездескеніме қуаныштымын

"Ювентус" командасының сұрмерген шабуылшысы Криштиану Роналду қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесті. Туылғанынан аяғы жоқ, мүмкіндігі шектеулі бала осыған дейін де біршама футбол жұлдыздарымен кездесті. Олардың қатарында Мохамед Салах, Леонель Месси, Неймар, Эдинсон Кавани мен Киллиан Мбаппе бар еді. 

Криштиану Роналдумен кездесуді Хабиб Нұрмоғамедов ұйымдастырып беріпті. Ережесіз жекпе жек шебері Алматыға келген кезде Хабибпен кездескен болатын. Дубай қаласындағы кездесуде Роналду мен Әли доппен бірнеше мәрте пас алмасты. Әли допты баспен керемет ұратынын көрсетті. Сосын, ол аңыз аяқдопшыға "Қазақстан" деген шоколад сыйласа, Криштиану допқа қолтаңбасын қалдырып сыйға сый жасады. 195 миллион жазылушысы бар Роналду өз инстаграмм парақшасында: "Әлимен кездескеніме қуаныштымын. Ол шынайы шабыт беруші" деп жазыпты. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу