Бұл туралы Криштиану Роналдудың өзі сөзінен байқатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада қалаларында ұйымдастырылады.
– Ол кезде менің жасым 41-де болады. Әр сәттен ләззат алып жүрмін, – дейді Роналду.
Әлемге әйгілі футболшы осыған дейін мансабын "он жылдан кейін аяқтаймын" деп әзілдеген-ді.
Роналдудың сөзінше, жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өтетінін тез есептеу алға шығады. Десе де, ол соған қарамастан жақсы қалыпта екенін және футболдан әлі де көп эмоция алатынын айтқан.
Қазіргі уақытта 40 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында 225 кездесу өткізіп, 143 допты қақпаға дарытқан. Ол – 2016 жылғы Еуропа чемпионы, УЕФА Ұлттар лигасының 2 дүркін жеңімпазы. 5 мәрте "Алтын доп" иегері атанған әрі ресми матчтардағы әлем футболының үздік сұрмергені деген де атағы бар.