Лондоннан тараған ақпаратқа сенсек, Криштиану Роналду елден кету туралы ойы жоқ екенін өзі айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауд Арабиясының Про-лигасының 23-турында "Әл-Наср" "Әл-Хазмды" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында 41 жастағы жұлдыз дубль авторы атанған.
– Мен Сауд Арабиясына тиесілімін. Осында ойнауды жалғастырғым келеді. Бұл – мені, отбасымды және достарымды жылы қабылдаған ел. Мұнда өзімді бақытты сезінемін және қалғым келеді, – деді футболшы саудиялық Thmanyah телеарнасына берген сұхбатында.
Осыған дейін Роналду ел чемпионатындағы 2 матчқа қатарынан қатыспай, бойкот жариялаған-ды. Мұндай шешімге Сауд Арабиясының Суверенді қорының клубқа қатысты саясатына көңілі толмауы себеп болған. 41 жастағы футболшының пікірінше, қор "Әл-Насрға" жеткілікті инвестиция салмай, негізгі басымдықты "Әл-Хиляль" клубына беріп отыр.
Қазіргі уақытта "Әл-Наср" Сауд Арабиясының жоғары дивизионы – Сауд Про-лигасы турнирлік кестесінде 55 ұпаймен көш бастап келеді. Команда "Әл-Хилялден" бір ұпай ғана алда тұр.