Ол қазіргі ұлттық құрама капитанын ешкім алмастыра алмайтынын жеткізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бас бапкер Криштиану Роналду туралы пікір білдірген және тәжірибелі шабуылшының орны талқыланбайтынын нақтылады.
Мартинестің айтуынша, 41 жастағы Роналду әлі де жоғары деңгейде доп теуіп жүр.
– Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы орны ешқашан талқыға түспейді. Мен мансабымда күн сайын өзін жетілдіруге дәл осындай ынтамен кірісетін футболшыны көрген емеспін, – деді португалиялық маман.
Осы күні Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" футбол клубында ойнайды. Биылғы маусымда ол 32 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп үлгерді.
Сонымен қатар, жұлдызды ойыншы Португалия құрамасының капитаны саналады. Команда алдағы әлем чемпионатында Өзбекстан, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойын өткізеді.