Перизат Қайраттың аппеляциялық сотқа шағым түсіргені белгілі болды

Мұндай тосын ақпаратты адвокат Асланбек Дәулетияров растаған.  

Перизат Қайраттың аппеляциялық сотқа шағым түсіргені белгілі болды Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Десе де, бұл туралы толық мәлімет беруден бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осыған дейін Перизат Қайрат та, адвокаты да тағылған айыппен келіспейтінін ашық айтқан еді. 

2024 жылы қайырымдылық қордың жетекшісі Перизат Қайрат "3,5 миллиард теңгені жымқырды" деген күдікке ілінді. 

Осы қылмысы үшін Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот процесінде Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның 3,5 миллиард теңгені қайда жұмсағаны да айтылған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу