Роналду мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты

Мұндай ақпаратты 41 жастағы шабуылшы "Vogue" журналына берген сұхбатында мәлім етті.  

Роналду мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты Фото: newagebd.net

Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду қазіргі маусым кәсіби мансабындағы соңғысы болуы ықтимал екенін жасырмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін. Мен өзімнен кейін үлкен мұра қалдырғым келеді, – деді Роналду.

Жаза кеткен жөн, Криштиану Роналду – "Алтын доп" жүлдесінің 5 дүркін иегері және Чемпиондар лигасының да 5 дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, Португалия құрамасының сапында ол Еуропа чемпионы атанса, Ұлттар лигасын екі мәрте жеңді.

Футболшы ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп гол соғу көрсеткіші бойынша рекордтарға ие саналады.

2022 жылдың желтоқсанынан бері Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында доп теуіп жүр. Оған дейін шабуылшы Португалияның "Спортинг", Англияның "Манчестер Юнайтед", Испанияның "Реал" және Италияның "Ювентус" клубтарының намысын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу