Шығыс Қазақстан облысы әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды

4800

ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.

Барлығы екі кандидат болды. Олар - ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев басым түсті.

Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облсының әкімі лауазымына Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды. 

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жж. – Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жж. - Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2020 жылдың 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысын Даниал Ахметов тоғыз жыл басқарған болатын. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу