Тарихшы ШҚО-ны Абай уәлаяты деп атауға ұсыныс білдірді

4174

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.

Тарихшы ШҚО-ны Абай уәлаяты деп атауға ұсыныс білдірді

Centrasia.org: Отандық ғалым Шығыс Қазақстан облысына Абайдың есімін беру керек деп есептейді. Сонымен қатар ғалымның пікірінше бізде облыс емес, уәлаят болу керектігін айтады. Мұндай пікірді тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби университетінің профессоры Назира Нұртазина ұстанып отыр. 

Сонымен қатар шекара маңындағы облыстардың атын өзгерту керек деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда ғалым Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында көтерілген мәселелерді қолдайтынын жеткізген.

Мысал ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп атағанын құптап отыр.

"Шығыс Қазақстан облысы сөзсіз Абайдың есімін алуға тиіс. Ұлы Абай бір үлкен облыстың және туған өлкесінің атауын алуға лайықты. Шығыс Қазақстанда туып-өскен азамат ретінде, тарихшы-ғалым ретінде ұсындай ұсыныс жасауға міндеттімін", – дейді Назира Нұртазина.

Qmonitor.kz: "Қазақстанның ұлттық саясаты неге күйреді?", деп жазады басылым. Бұл мақала автор бір жыл бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқиғаны еске алып, сарапшылардың пікірін келтіреді. Сарапшылардың пікірінше, орын алған қайғылы оқиғадан ешкім сабақ алмады.

Сол себепті сарапшылар болашақта мұндай оқиға орын алмас үшін билік ұлттық саясатты қайта қарау керек деп есептейді. Пікір білдіргендердің басым көпшілігі қоғамда бар мәселені жасырмай айту керек, өз-өзімізді алдамайық, дегенді айтады. Мәселен, сарапшылардың бірі "Қазақстан көп ұлтты немесе моноұлтты мемлекет екенін анықтап алғаны жөн. Егер көп ұлтты болса, онда өзге ұлттардың құқығы тең сақталып, жағдай жасалуы керек. Моноұлтты болса, шағын ұлттардың құқығы қорғалатындай болуы қажет",– дейді.

"Бірінші жолды таңдасақ та, екінші жолды таңдасақ та мемлекеттің заңнамасы осы талаптарға икемделуі керек. Қалай болғанымен біз өзімізді- өзіміз алдағанды қоюымыз керек",– дейді азаматтық белсенді Ядигар Ганиев.

Mk-kz.kz: "Қазақстан жол апаты салдарынан өлім-жітімі көп ел тізіміне кіреді", деп жазады басылым. Газет өз мақаласында неге бейбіт заманда Қазақстанда жол апаты салдарынан адам көп өледі деген сұраққа жауап іздейді. 

Мақалада келтірген дерек бойынша, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері жол апаты көрсеткіші 1991 жылы 18 мың болса, 2018 жылы 16 мың болған, яғни көрскеткіш 15 пайызға ғана азайған. Ал бұл апаттардан көз жұмған азаматтардың саны 82 мың адамға жетеді. Көз жұмған адамдардан өзге жол апатынан зардап шеккендердің саны жарты миллион адамға жетеді. Сонымен қатар аталмыш мақалада жол апатының себеп-салдары егжей-тегжей жазылған.

"Шетелдік мамандар жыл сайын жол апаты салдарынан Қазақстан жеті миллион доллар көлемінде шығын көріп отырғанын айтады", – деп жазады басылым.

Express-k.kz: Газеттің кезекті мақаласы "Қазақ руы араб руы болмайды", деп аталады. Басылымның хабарлауынша, Қазақстанда мессенджерлер арқылы "қазақтың қожа руының өкілдері араб елдерінің азаматтығын ала алады" деген ақпарат тарай бастаған. Бұл таратылған видеода қазақтың қожа руынан шыққандарға жер, үй, ақша беріледі делінген. 

Аталмыш видеода араб елдерінің жиыны болып өтті, олар өз шешімімен ақсүйек руының өкілдеріне арабтың мәртебесін беру туралы шешім қабылдады деген. Алайда көп ұзамай бұл дөрекі түрде жасалған фейк екенін анықталған.

"Бұл фейкті дүниеге әкелу үшін жаңалықтардың үзінділерін алып, қалжыңдаушылар арнайы дыбыс салып, келтірген. Алайда қожалардың басым көпшілігі отансүйгіштік мінез байқатты, олар Қазақстанды өзге елге бір тиынға да ауыстырмайтынын жеткізген", – деп хабарлайды басылым.

Time.kz: Тони Тури есімді Италия азаматы Қазақстанды сағынып жүр, деп жазады аталмыш газет. Басылымның хабарлауынша, шетелдік азамат бірнеше жыл бойын Атырауда жұмыс істеп кеткен, қазіргі кезде ол қазақтың әндеріп шырқап, өлең жазып жүр. Болашақта ол Қазақстанға қайта келгісі келеді, себебі осында оның Эльмира есімді ғашығы қалған. 

Атырауда жұмыс істеп жүргенде Тони Тури музыкаға қызыға бастаған, сөйтіп түнгі клубтарда ән салған. Оны қаланың тұрғындары да білетін. Басылымның хабарлауынша, Тони итальяндық әндерден өзге Ақан Серінің "Балқадиша" әнін айтқан. Қазақ тілінен итальян тіліне аударып, ол әнге арнайы клип түсірген. Клипінде Атырау мен Қазақстанды көрсеткен. Тонидың жерлестеріне "Балқадиша" әні ұнапты, бірнеше жыл бұрын ол осы әнмен Сан-Ремо сахнасына шыққан.

"Қазақстандағы жұмысы аяқталғаннан кейін, Тони Тури Албанияға кеткен. Ол елде Тони Тури медицина саласында еңбектене бастаған, алайда Қазақстан жайында ән жазуды тоқтатқан емес. "Балқадиша" әніне испан тілінде ремикс жазған", – деп жазады басылым.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу