Тау-кеннен энергетикаға дейін: Үкіметте ірі инвестициялық жобалар қаралды

465

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Тау-кеннен энергетикаға дейін: Үкіметте ірі инвестициялық жобалар қаралды Фото: Үкімет

Кеңес барысында "Айдарлы" жобасын, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында тау-кен байыту комбинатын салу, Көксай кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаны, "Новоджамбульский фосфорный завод" ЖШС, "Қазфосфат" ЖШС жобаларын, Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр стансасын, Жезқазған ЖЭО-да қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысын салу мәселелері қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нұрлыбек Нәлібаев өңірлер мен өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларды табысты жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету жалғасатынын растады.

Жиын барысында жобаларды жүзеге асыруға әсер ететін мәселелерді уақтылы шешу үшін мемлекеттік органдар мен компаниялардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қаралған инвестициялық жобалар жөніндегі бастамаларды пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу