Трамп Газа аймағындағы соғыс қашан аяқталатынын айтты

473

Газадағы ахуал шиеленісіп тұр. 

Трамп Газа аймағындағы соғыс қашан аяқталатынын айтты Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы соғыс қашан бітетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты TRT Global-ға сілтеме жасап.

"Меніңше, алдағы екі-үш апта ішінде бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім шығады", – деді Трамп.

Оның айтуынша, аштық пен өлім-жітім кезінде бұл қақтығысты тоқтатудың маңызы зор.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың белсенді дипломатиялық ерік-жігерін атап өтті. Десек те, сектордағы ахуал күннен күнге қиындап барады. Израиль Газа аймағын толық басып алуға бағытталған әскери операцияларын бастап та кетті. 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан 62 744 адам қаза тапты, тағы 158 259 адам жарақат алды. 

Айта кету керек, бұған дейін Израильдің әуе соққысынан Газада 5 журналист қаза тапқанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу