"Жезқазғансирекмет" британиялық компаниямен бірлесе ренийді жылдың соңына қарай сата бастайды

1550

Рений - өте сирек кездесетін, үлкен сұранысқа ие метал. 

"Жезқазғансирекмет" британиялық компаниямен бірлесе ренийді жылдың соңына қарай сата бастайды Фото: Ашық дереккөзден

Сәуір айында қазақстандық өндіруші "Жезқазғансирекмет" пен Maritime House британиялық компаниясымен бірлесе отырып, сирек кездесетін ренийді өндіру бойынша келісімге келген болатын

Екі компания арасындағы байланыс, алғашқы өнімнің шығу мерзімі мен ренийдің бағасы жайында компания директоры Абылқанов Нариман inbusiness.kz тілшісіне айтып берді.

"Maritime House біз қолданатын шикізатты қайта өндеу технологияларымен жұмыс істейді, дегенмен бірталай айырмашылықтар да бар. Қазір біз сол технологияларды біріктіру жолында келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сондықтан жыл соңына қарай алғашқы өнімді аламыз деп отырмыз. Өндірісті жеделдетудегі тағы бір мәселе - халықаралық гео-саяси ахуалға байланысты өндірістің нақты көлемін анықтау керек", - деп түсіндірді Абылқанов Нариман.

Бірлескен кәсіпорын құру жөнінде Абылқанов Нариман әлі заңдық негізнемелер мен қаржылық мүмкіндіктер қарастырлып жатқанын айтты, яғни жақын арада ондай мүмкіндік жоқ.

"Біз бұл бағытта белсенді жұмыс атқарудамыз. Қазір мәселе заңдық тұрғыда қарастырылып жатыр. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтындықтан, келіссөздерді сол органның өкілетті өкілдері жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, қаржыландыру қалай жүретіні шешілген жоқ, ашық түрде ме, қандай талаптармен…әлі белгісіз", - деді "Жезқазғансирекмет" басшысы.

Рений - өте сирек кездесетін, үлкен сұранысқа ие метал. Оның бағасы 1 кг үшін 1000$ басталып, 10000$ дейін жетеді. "Жезқазғансирекмет" Қазақстанда осы метал түрін өндіретін негізгі кәсіпорындардың бірі. Сондықтан стратегиялвқ маңызы бар өнімнің сатылу бағасына қатысты біршама дау-дамайлар болған еді. 2007-2008 жылдары аталмыш компания офшор аймақтарында тіркелген  Norris Trade & Finance LTD и Helvelyn Universal S.A. атты екі компанияға ғана өз өнімдерін сатқан, ал тауардың бағасы сол кездегі нарықтық бағадан бірнеше есе төмен болған (1 кг үшін 2300$) Абылқанов Нариман осы төңірегінде журналистердің орынды сұрағына баға ашық түрде белгіленіп, нарықтық жағдайға байланысты өзгереді деп жауап берді.

"Біріншіден, рений бағасы белгіленетін тауар. Argus Metals платформасында белгіленеді, онда мемлекетке, сатылатын ортасы - биржаға қарай оның максималды, минималды, орташа бағасы көрсетілген. Біз, әрине, міндетті түрде транферттік баға заңына бағынамыз, өйткені әр биржада баға әртүрлі, біз оның барлығын бақылап отыруымыз керек. Мысалы, Қытай нарығында ондай бір сұраныс жоқ, ал АҚШ, Еуропа нарығында ренийдің жетіспеушілігі сезіледі. Біз ешқандай ішкі келісімдер бойынша сауда-саттық жүргізбейміз, бәрі ашық түрде", - деп түйіндеді спикер.

2015 жылы БАҚ "Жезқазғансирекмет" сенімгерлік басқаруға берілгенін хабарлады. Кәсіпорын Жезқазған мыс балқыту зауытымен технологиялық тізбекпен байланысты болды. Maritime House веб-сайтына сәйкес, бұл британдық компания ренийді қайта өңдеуге маманданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу