Инвестицияларды бақылау жөніндегі агенттік деген мемлекеттік орган атымен жоқ. Біздің жалған кейіпкер осындай мекеме жақында ашылды деп сүйіншілейді. Жаңа құрылым құқық қорғаушылармен тізе қосып жұмыс істейді деп сөзін нығырлайды. Қолды болған қаржыны қайтарумен айналысатын агенттіктің ашылғаны, жапа шеккендерге жаппай қолдау көрсетілетіні кейбір адамдар үшін жақсы жаңалық. Бірақ жалған жаңалық. Жаңа орган ашылды деп көптің сеніміне кіру – алаяқтар жиі қолданатын тәсіл.