Биылдан бастап несиелер кешіріледі деген рас па?

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Қазақстанда барлық несиені жаппай кешіреді», «мемлекет халықтың қарызын толық есептен шығарады» деген мазмұндағы хабарламалар жиі тарайды. Немесе «Кредитті базадан өшіріп беремін» деп елді адастыратындар да кездеседі. Шынайы жаңалыққа қарағанда желіде 6 есе жылдамдықпен тез тарайтын бір жалған жаңалық болса, ол осы – несие мен ақша тақырыбына байланысты. Адамның ашуын тудыратын, қорқытатын не болмаса үміттендіретін кейбір жаңалықтардың астарына бір үңіліп қойғанның зияны жоқтығын бұған дейін айтқанбыз. Несиені банктердің оңай кешіре салуына қатысты шыққан мәліметтер әлбетте қарыздың қамытын киген қарапайым азаматты үміттендіреді. Үмітін үкілеген жұрт мұндай хабарды көп бөліседі. Ойы жымқысқылардың да діттегені – осы.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу