«Миға оттегі бармайды». Психолог адамдар неге алданатынын айтты

Жалған ақпаратта эмоция болады. Оның табиғаты сондай. Кез келген фейк жаңалық адамның сезіміне, көңіл-күйіне әсер етеді. Ашуланған, үрейленген, қуанған, қорыққан, наразылық танытқан кісі оқыған дүниесінің рас-өтірігіне үңілмейді. Мұндайда естігенін, түйгенін, бәлкім қазіргі дипфейк дәуірінде көргенін біреуге айтуға асығады. Оның үстіне шындыққа жанаспайтын әңгімелердің көбі «шұғыл» деген сипаттамамен жеткізіледі. Аптыққанда «Кімдікі рас?» дегеннің аражігін екінің бірі ажырата бермейді. Ойы жымысқылар соны біледі, білгендіктен осы тәсілді қолданады. Бұл – психологтардың пайымы

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу