Балаңыздың не көріп жүргенін білесіз бе?

Бүгінгі баланың дүниетанымына мектеп пен отбасы ғана емес, күн сайын көретін цифрлық контенті де әсер етеді. YouTube, мультфильмдер, мобильді ойындар мен қысқа видеолар — баланың тілі, ойлау жүйесі мен құндылықтары қалыптасатын ақпараттық кеңістік.

Алайда қазақ баласына арналған сапалы әрі заманауи контент жеткілікті ме? Қазақ тіліндегі балалар өнімдері неге әлі де жүйелі индустрияға айнала алмай отыр? Бұл бағытта мемлекет қандай рөл атқаруы керек? Ұлттық мазмұнды жаңа технологиямен, ғылыммен және заманауи анимациямен қалай ұштастырамыз?

Арнайы репортажда балалар психологы, этнограф және отандық контент өндірушілермен бірге осы мәселелерді талдаймыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу