Жүргізуші куәлігін алу – көлік жүргізуді үйренумен ғана шектелмейді. Теориялық және практикалық емтихан, оқу орталығын таңдау, құжат жинау, электронды кезек және емтихан тапсырудағы талаптар – үміткер үшін бірқатар сынаққа айналады.
Бүгінде жүргізуші куәлігін алуға ниетті азаматтар қандай кедергілерге тап болады? Емтихан тапсырудағы кезек мәселесі қалай шешілуде? Автомектептердегі оқыту сапасы қандай? Ал емтиханнан бірнеше рет өте алмаған жағдайда азамат не істеуі керек? Бағдарламада жүргізуші куәлігін алу тәртібі, азаматтардың жиі кездесетін мәселелері және саладағы өзгерістер сараланады. Сондай-ақ емтихан жүйесінің ашықтығы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі талаптардың маңызы сөз болады.