19 наурыздан бастап Қазақстанның тұрғын үй нарығында маңызды заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Енді баспана алу үшін ақша жинайтын арнайы депозиттерді тек «Отбасы банктен» емес, кез келген банктен ашуға мүмкіндік туды. Енді екінші деңгейлі банктер тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша жұмыс істеп, ипотека бере алады. Ол үшін арнайы лицензия алудың қажеті жоқ. Жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы тек «Отбасы банк» салымшылары үшін ғана сақталады. Коммерциялық банктерде мұндай бонус болмайды. Тақырып «Бизнес-климат» бағдарламасында талқыланды.