1 шілдеден бастап асыраушысынан айрылу бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері артуы мүмкін

713

Бұдан бөлек еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына тағайындалатын әлеуметтік төлем мөлшері де ұлғаймақ.  

1 шілдеден бастап асыраушысынан айрылу бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері артуы мүмкін Фото: halyq-uni.kz

Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген қаулы жобасында көрсетілген.

Қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

“2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі”, - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 13 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу