1 шілдеден бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау күшейеді

423

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 711,8 мың адам тұрады.

1 шілдеден бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау күшейеді Фото: baq.kz

Оның ішінде 420 мыңы еңбекке қабілетті жаста. Тағы 187,5 мыңы зейнеткерлік жаста болса, 104,3 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бойынша 1 шілдеден бастап МӘСҚ-тан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қосымша 14,5%-ға арттыру жоспарлануда. Сол пайыздық арақатынаста мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтуді жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылатын болады", - делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек осы жылғы 1 шілдеден бастап мынадай жобаларды іске асыру жоспарланған:

- жоғары сапалы катетермен қамтамасыз ету. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджетті нақтылау кезінде 328 млн теңге қарастырылған;

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін гигиеналық құралдардың (жөргектердің) нормативін 2 есе ұлғайту;

- Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ақыл-ойы бұзылған балаларды санаторий-курорттық емдеуге жіберу критерийлері айқындалды. Биыл пилоттық режимде ел бойынша 1000 бала жіберіледі;

- 7 өңірде жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жеке секторды тарту бойынша пилоттық жобаны іске асыру.

"12 өңірде 150 орындық жаңа оңалту орталықтарының құрылысы жоспарланған. Құрылыс Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында басталды. Биыл Ақмола және Атырау облыстарында орталық құрылысын бастау жоспарланған", - деп хабарлады министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу