"2 млн теңге айыппұл": Ақтөбеде пара алған полиция бөлімінің экс-бастығына үкім шықты

450

Ол полиция полковнигі шенінен де айырылды. 

"2 млн теңге айыппұл": Ақтөбеде пара алған полиция бөлімінің экс-бастығына үкім шықты Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе қаласының №2 сотында алаяқтық жасау айыбы бойынша Е.-ге және алаяқтық жасауға көмектесу және пара беруге айдап салу айыбы бойынша А.-ға  қатысты сотқа дейінгі жедел іс жүргізуде келіп түскен қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот бұрынғы полиция қызметкері А.-ның заңсыз материалдық баю мақсатында жәбірленуші И.-ды пайдаланып, полиция бөлімінің бастығы полковник Е.-ге пара беруге айдап салғанын анықтады.

"2023 жылғы 28 наурыздан бастап 3 сәуірге дейінгі кезеңде сотталушы А. жәбірленуші И.-мен кездесіп, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен лауазымды тұлға Е.-ге пара беру сылтауымен жәбірленушіден қылмыстық қудалауды тоқтату үшін 450 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. 3 сәуір күні Е. қалалық полиция бөлімінің бастығы бола тұра алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен айдап салушысы А.-дан жеке кездесу барысында И.-ға қатысты қылмыстық істің оң нәтижесі үшін 200 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алды", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушы А. және Е. кінәсін мойындады. Сот екеуін де кінәлі деп тапты. 

"Е.-ге өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, жымқырған мүліктің 10 еселенген мөлшерінде, яғни 2 млн теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ ол "полиция полковнигі" арнайы шенінен айырылды. Сот А.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 58-бабы қолдана отырып, жымқырған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде, 9 млн теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады", - деп хабарлады қалалық сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу