20-21 маусымда Астанада Сирия келіссөздерінің келесі кезеңі өтеді

445

2023 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу өтеді, деп inbusiness.kz СІМ баспасөз қыметіне сілтеме жасап хабарлайды.

20-21 маусымда Астанада Сирия келіссөздерінің келесі кезеңі өтеді Фото: gov.kz

СІМ таратқан ақпарат бойынша, келіссөздерге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сондай-ақ Сирия Үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен Сирия еліндегі жағдайы, САР-дағы кешенді реттеу бойынша күш-жігер, терроризмге қарсы күрес мәселелері, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу және Сириядағы гуманитарлық жағдай, жанжалдан кейін САР-ды қайта қалпына келтіруге жәрдем көрсету мен сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелері кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу