2018 жылы нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер анықталды

1924

Өткен жылы дүние есігін ашқан балаларға Айсұлтан мен Медина есімдері жиі қойылыпты.

2018 жылы нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер анықталды

Шымкент қаласында 2018 жылы нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер анықталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандарының  мәліметі бойынша, өткен жылы дүние есігін ашқан балаларға Айсұлтан мен Медина есімдері жиі қойылған.

Олардың айтуынша, былтыр АХАТ бөлімінде 32464 бала тіркелген. Оның 60% ер бала болса, 40%  – қыз бала. Дүниеге келген ұлдарға берілген есімдердің ішінде Айсұлтан, Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан аттары берілсе, қыздардың ата-аналары Медина, Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу есімдерін көбірек таңдапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу