2022 жылы елімізде балалардың денсаулығына 560 млрд теңге жұмсалды

442

Қаражат ТМККК және МӘМС желісі бойынша төленді.      

 2022 жылы елімізде балалардың денсаулығына 560 млрд теңге жұмсалды Фото: google.com

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник рпақтар сабақтастығы" республикалық ата-аналар форумында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

"2022 жылы балаларды скринингпен қамту 3-тен 12%-ға дейін ұлғайды, емханаларда 118 млн консультациялық-диагностикалық қабылдау жүргізілді, ауруханаларда 576 мың бала емделді, 100 мыңнан астам операция жасалды. Өмірдің бірінші жылындағы балаларды патронаждық бақылаумен қамту 95%-ды құрайды. Өткен жылы балалар денсаулығын сақтауға ТМККК және МӘМС желісі бойынша 560 млрд. теңге бағытталды", - деді В.Дудник.

МСАК ұйымдарында 845 "Отбасын жоспарлау"  кабинеті ашылды, онда жоспарланбаған жүктілік жағдайларын азайту үшін контрацепцияның заманауи әдістерін қолдану және іріктеу бойынша халыққа консультация берілді.

Бұдан басқа, республикада жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психоәлеуметтік көмектің ақпараттандыру деңгейін және қолжетімділігін арттыру үшін 200 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы 700 мыңнан астам жасөспірім мен жас репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойыншамМедициналық-психоәлеуметтік көмек алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу