2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,4% құрады

226

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәлімдеді. 

2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,4% құрады Фото: Pixabay.com

2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімдері 3 746,7 млрд теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 1 847,4 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 49,3%), өңдеуде – 1 564,4 млрд теңгеге (41,3%) өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Металл кендерін (106,1%) және өзге де пайдалы қазбаларды (103,3%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өнідірісінің индексі 100,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда индекс 106,9% құрады. Өсім химия өнеркәсібі – 39,9%, металлургия – 12,2%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 18,1%, машина жасауда 17,7% байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде тіркелді, төмендеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу