2029 жылға дейін мыс өндірісі 2 есе артуы мүмкін

137

Металлургия өнеркәсібінде биылғы бірінші тоқсанда өндіріс 4,3%-ға өскен. 

2029 жылға дейін мыс өндірісі 2 есе артуы мүмкін Фото: metalspace.ru

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл соңына дейін болат кәсіпорындарының ұлғаюы ("Qarmet" АҚ), "КСП Стил" ЖШС, "Shymkent Temir" ЖШС, "Ferrum Vtor" ЖШС, "Казферросталь" ЖШС, "Forever Flourishing (Middle Asia) Pty LTD" ЖШС) өнім көлемі 4 млн тоннаға дейін (3,923-дан 4 млн тоннаға дейін), тегіс илемдеу 2,6 млн тоннаға дейін (2,456-дан 2,550 млн тоннаға дейін) және "Qarmet" 3 млн тоннаға дейін шойын өндіру (2,865-ден 2,950 млн тоннаға дейін) есебінен өсімді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мыс бойынша өсу көлемі (419-дан 452 мың тоннаға дейін) "Қазмырыш" ЖШС (114,2%, 42-ден 48 мың тоннаға дейін), "Қазақмыс корпорациясы" (114% 214-тен 244 мың тоннаға дейін) және "KAZMinerals тобы" (100%, 121 мың тонна) есебінен қамтамасыз етіледі. Мырыш (101%, 280-ден 285 мың тоннаға дейін) және қорғасын (101%, 95-тен 97 мың тоннаға дейін) бойынша "Қазмырыш" ЖШС, "КЭЗ" АҚ-ның 1% алюминий (261-ден 265 мың тоннаға дейін) есебінен қамтамасыз етіледі", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, 2029 жылға дейін Абай облысындағы жаңа мыс балқыту зауытының жобасын іске асыру есебінен мыс өндіру көлемін 450 мыңнан 1 млн тоннаға дейін екі есе ұлғайту жоспарланып отыр.

"Qarmet" ЖШС-нің кеңеюі, сондай-ақ қуаттылығы 1,2 млн тонна болатын арнайы мақсаттағы болат өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыру есебінен болат өндірісі 10 млн тоннаға дейін артады. Сондай-ақ, ERC компаниясы BAOWU Steel компаниясымен бірігіп Рудный қаласында темір кені шикізатын тереңдетіп өңдеуді іске қосуды жоспарлап отыр. Ыстық брикеттелген темір өндірісі болат өндірісі үшін 100% шикізат базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу