3 мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғаны рас па?

912

Бірер күн бұрын 2 978 теңге қарызы бар азаматтың банкрот деп жарияланғаны туралы хабар тараған еді. 

3 мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғаны рас па? Фото: canva.com

Atameken Business телеарнасының эфирінде Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Айнара Рахметова аталған жайтқа түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл – жалған ақпарат. Біз аталған азаматты банкрот деп таныған кезде оның қарызы 1 млн 473,3 мың теңге болған. 2020 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтарды банкрот деп тану туралы 80 953 өтініш келіп түсті, оның 79%-ы критерийге сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібердік", – деп түсіндірді Айнара Рахметова эфир барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу