3 жасар қыздың денесі табылды

3354

Шымкенттегі Май комбинатының айналасы қоршалды. Куәгерлердің айтуынша, осы жерде әлдекімдер үш жасар қызды өлтіріп кеткен. 

3 жасар қыздың денесі табылды

Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көршілерінің айтуынша, кішкентай қыз шешесімен бірге жатақханада тұрған. Жантүршігерлік оқиға жатақханадан шамамен 500 метр арыда болған деген болжам бар.

Тамыз айында қыз төрт жасқа толар еді. Қазір оның денесін сот медициналық сараптамасынан өткізу үшін алып кетті.

Жергілікті тұрғын Халипа Қадырованың айтуынша, әйел қыздың шешесінен "үнемі бәйек болып жүретін қызыңыз қалай ғана көшеде жалғыз қалды" деп сұраған. Қыздың шешесі оған "қайғылы оқиға болған кезде жұмыста едім" деп жауап беріпті. Халипа Қадырова енді өзінің немерелерін уайымдап жатқанын айтады.

Сол аудан Шымкенттегі жиі қылмыс болатын аудандардың бірі саналады, тастанды гараждарға үнемі үй-күйсіз жүргендер, нашақорлар, ішімдікке салынғандар ағылады.

Криминалистер сыра бөтелкелерінен, сол төңіректегі заттардан саусақ іздерін алған.

Қазір арықтау келген, 1980 жылы туған, бойы 180 см ер адамға іздеу салынған.

Әзірше полиция ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Осы қайғылы оқиғадан соң белсенді топ қаладағы адам жүруге қауіпті орындарды анықтап, тізімін жасауға кірісті.

Олар: "Егер сіз Шымкент қаласында тұрсаңыз (немесе осында жиі болсаңыз), қалада түнгі уақытта жарығы мүлдем жоқ және қараусыз қалған ғимараттар (көбіне маскүнемдер мен наркомандар мекен ететін), түнде жүруге қорқыныш тудыратын жерлердің қайда орналасқанын білсеңіз, нақты мекенжайы туралы мәлімет берулеріңізді сұраймыз. Мына нөмерге +7775 909 30 82 (Whats Ap) жіберулеріңізді өтінеміз",– деген хабарлама таратуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу