3 жасар қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған

1175

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

3 жасар қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған

Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша баланың өлімі құлау нәтижесінде "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар екен. 

Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған.

"Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды",– делінген ресми орган хабарламасында. 

Еске сала кетсек, шымкентте кеше 3 жасар қыздың мәйіті табылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу