46 жастағы азамат өткелден құлап мерт болды

369

10 метр биіктікте тұрған көпірдің арнайы жақтауы немесе ұстайтын қоршауы жоқ. 

46 жастағы азамат өткелден құлап мерт болды Фото: Almaty.tv

Алматы облысы Бөлек ауылында төрт баланың әкесі биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға ел арасында "қыл көпір" атанып кеткен Есік қаласы маңындағы Үлкен Алматы каналын кесіп өту кезінде болды.

Бұл қауіпті өткелден күніне жүздеген адам өтеді. Ал күні кеше дүкенге шығып, қайта үйіне оралмаған отағасы осы маңнан жұлыны үзіліп, басы жарылған өлі күйінде табылған. Аталған канал маңындағы халық, тағы да "адам шығыны болмасын" деп бүгін әкімдік өкілдеріне талап қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу