460 мыңға жуық адамға АӘК тағайындалды

414

Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.  

460 мыңға жуық адамға АӘК тағайындалды Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай  бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбекминге сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023  жылғы 1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу