6 жасар өгей қызын зорлады: Шымкентте 44 жастағы ер адам ұсталды

430

Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған.

6 жасар өгей қызын зорлады: Шымкентте 44 жастағы ер адам ұсталды Фото: inbusiness.kz

Шымкентте өгей әке кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

22 тамызда Тұран АПБ-на хабарласқан жергілікті тұрғын, 6 жасар қызына бірге тұратын ер адамы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтып арызданған.

Жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына тек ертеңіне айтқан көрінеді. Себебі әйел денсаулығына байланысты ауруханада болған екен. Сұмдық жайтты естіген келіншек дереу полицияға шағым түсірген.

Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі "жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркеп, оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні досының пәтерінен ұстады.

"Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу