840-қа жуық жаңа кәсіп қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа енгізіледі

366

Жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады. 

840-қа жуық жаңа кәсіп қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа енгізіледі Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және "Атамекен" ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.

Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді.

№ 1 "ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына" өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) "Талқылау" – "Стандарттар" – "ҚР ҰС жобаларын талқылау" бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады, олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу