9 кәсіпорынның өнімі үздік деп танылды

680

9 кәсіпорынның өнімі үздік деп танылды

"Қазақстанның үздік тауарлары" республикалық көрме байқауының облыстық кезеңінде 9 кәсіпорынның өнімі үздік деп танылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Көрме конкурстың қорытындысында Өскемендегі "Пасека" шаруа қожалығының балы, Риддердегі "Milkom" кәсіпорынының сүт өнімдері, Зырян ауданындағы "Гранд Фиш"тің балығы "Үздік азық түлік өнімдері" аталымының жеңімпаздары болып танылды.

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымында "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты", Семейдегі "Терра Вита" ЖШС, "Силикат" ЖШС ның өнімдері конкурс талаптарына жауап беріп, әділқазылар талғамынан шыққан екен.

Өскемендегі "Өскемен ДСП орталығы", Семейдегі "Булуктханова И.Н" ЖК, "Роза пима- киіз комбинаты" өнімдері "Халыққа арналған үздік тауарлар өнімдері" аталымы бойынша үздік деп бағаланып, жүлдеге ие болды.

Жүлдегерлерге естелік статуэтка мен ақшалай сыйлық табысталды. Өңірдің ең үздік тауарлары биыл Астанада өтетін республикалық конкурсқа қатыспақ.

Көрме конкурста "Ақтұмар-2015", "Төретоғам", "Арыстанбек Үржар", "Ақмет", "Isnar", "Першина А.В" кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерліктері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу