Абай облысында су басқан үйлер жоқ

230

Бұл туралы Абай облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Кунафин айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысында су басқан үйлер жоқ Фото: бейнеден

"Қазіргі уақытта Абай облысында су тасқыны жағдайы тұрақты. Облыс аумағында қар басқан аумақ қысқарды және 9 пайызды құрайды. Жергілікті атқарушы органдар ТЖМ, ПД, ҚМ, еріктілермен бірлесіп, елді мекендерді су басуына жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін 136 ауланы, 22 үйді су басқан болатын. Дегенмен, үйлесімді шаралардың арқасында суды бұра алдық. Қазіргі уақытта су басқан үйлер жоқ", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның атап өтуінше, облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі өзендердің деңгейі айтарлықтай төмендеді. Гидротехникалық құрылыстар транзиттік режимде жұмыс істеп тұр.

"Барлық мүдделі органдар, штабтар мен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны ахуалы күрделенген жағдайда күштер мен құралдар үнемі дайындықта тұр", - деді Азамат Кунафин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу