Абылай Мырзахметов ісі бойынша сот отырысы жабық түрде өтеді

369

Прокурор өтініші бойынша және айыпталушы тараптың қолдауымен сот отырысы жабық түрде өтетін болды. 

Абылай Мырзахметов ісі бойынша сот отырысы жабық түрде өтеді Фото: inbusiness.kz

Астанада Абылай Мырзахметов ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот отырысын жабық түрде өткізу туралы ұсыныс Астана Прокуратурасынан келіп түсті.

"Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Заңның 7-бабына сәйкес, сот талқылауы барысында адамдардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық процесті жүргізетін орган жабық сот отырысын өткізу түріндегі қауіпсіздік шараларын қолдануға құқылы. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы қылмыстық іс бойынша жабық сот отырысын өткізу туралы өтініш білдіреміз", — деп түсіндірді прокурор.

Сотталушы мен оның қорғаушысы бұл өтінішті қолдады.

Мырзахметов ісі ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша: қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелеу, ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдар тобында пара беру, сондай-ақ, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау істері бойынша қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, Абылай Мырзахметов 2023 жылдың мамыр айынан бастап қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу