Ақбөкендердің дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы елімізде мекендейді

611

Ақбөкендер саны басқа тұяқты жануарлардың аңшылық түрлерінің жалпы санынан 7 есе көп.  

Ақбөкендердің дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы елімізде мекендейді Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Зоология институтының және Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өкілдері ақбөкендерді ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін айтып берді, деп жазады inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, киік саны 2003 жылы 21 мың басты құраса, былтыр бұл көрсеткіш 1 млн 318 мыңға жеткен. Бұл КазКСР кезеңінде ең көп бас (1 млн 200 мың) деп тіркелген көрсеткіштен де жоғары.

"Бүгінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары экологиялық резерв жинақтау, ақбөкендерді қолға үйретіп, оны республикамыздың мал шаруашылығы мәдениетіне енгізу тәсілдерін пысықтау үшін мамандандырылған питомниктерді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды Зоология институтымен жүргізу де жоспарланып отыр", - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.

Осыған байланысты биологиялық негіздемеде популяциялардың ветеринариялық және физиологиялық жай-күйін зерделеу, популяцияның даму болжамдары, таралу аймағы мен көші-қон жолдарын нақтылау, ақбөкендердің азықтық базасын зерделеу, ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ғылыми мақсатта аталмыш жануарлдарды табиғи ортасынан алу көзделген. Ол үшін киіктердің төлдерін жартылай ерікті жағдайда ұстау көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу