АҚШ экономикасының қарқыны келер жылдың басында бәсеңдейді

622

JP Morgan Chase банкі өзінің кезекті болжамын жасады.

АҚШ экономикасының қарқыны келер жылдың басында бәсеңдейді

2021 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ экономикасының ЖІӨ төмен көрсеткішке ие болады. Елдегі JP Morgan Chase банкінің мамандары осындай болжам жасады. 
Олардың айтуынша, мұндай динамикаға індеттің екінші толқынының салдары, шектеу шаралары мен америкалық вакцина өндірісінің біраз уақытқа созылуы сияқты факторлар себеп болмақ. Сарапшылар ЖІӨ биылғы жылдың төртінші тоқсанында 2,8%-ға өсіп, келесі жылдың бірінші тоқсанында 1%-ға кемиді деп отыр. 

Ал екінші тоқсанда көрсеткіш 4,5%-ға, үшінші тоқсанда 6,5%-ға артады деген байламға келді. Олардың ойынша, билік 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында 1 трлн доллар көлемінде ынталандыру шарасын қабылдамақ. 

Табиғат Нұрболат

Фото: telegraph.co.uk

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу